Өрттен бес бала қаза тапты: Қала әкімі шұғыл жиын өткізді

04 Ақпан, 13:04
0
Өрттен бес бала қаза тапты: Қала әкімі шұғыл жиын өткізді -

Бақыт Сұлтанов "Көктал-1" тұрғын алабында орын алған қайғылы жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қала әкімі зардап шеккен отбасыға қаржылай көмек көрсетілетінін мәлімдеді. 

"Осы жағдайға душар болған отбасына қайғыра көңіл айтамын. Қала басшылығы оқиға орнында болды, қаза тапқан балалардың ата-анасымен психологтар және әлеуметтік қызмет мамандары жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккен отбасына қалалық әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан материалдық көмек көрсетіледі. "Сарыарқа" ауданы әкіміне жерлеу рәсімін ұйымдастыруды және отбасына уақытша баспана беруді, жанған үйді тез арада қалпына келтіру үшін қаражат бөлуді тапсырамын", - деді қала әкімі.

Өз кезегінде, ТЖД басшысы міндетін атқарушы Марғұлан Аманбаев, осыған дейін "Көктал-1" тұрғын алабында өрт және басқа да төтенше жағдайлар болдырмау үшін профилактикалық жұмыстар жүргізілгенің айтты.

"Сол кезде ТЖД -нің қызметкерлері бұл үйге барған, олқылықтарды жою үшін ескертпе берілген", - деді Аманбаев.

Бақыт Сұлтанов аудан әкімдері мен төтенше жағдайлар департаменті және полицияға бірлесіп дереу жеке сектордағы әр үйге барып өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау тұрғысында тексеріс, түсіндіру жұмыстарын жүргізуді талап етті.

"Бұл сіздердің тікелей жұмыстарыңыз, мен әрқашан айтып отырмауым керек! Баяғыда жүргізу керек еді, міндетті түрде қайғылы оқиғаны күтесіздер ме?! Бұл ТЖД-нің қателігі. Сіздер жеке секторда тұратын әр адамды жекелей тануларыңыз керек", - деді ол.

Қала әкімі құзырлы органдарға болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтауды тапсырды.

Еске салайық, Астанада жекеменшік үйдегі өрт салдарынан бес бала қаза тапты. Қайғылы оқиға Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесінде болды. "4 ақпанда сағат 02:34-те 101 пультіне жеке тұрғын үй аумағындағы уақытша құрылыстан өрт шыққаны туралы хабарлама келді. Өрт 30 шаршы метрді шарпып, кейін 25 шаршы метр шатырды құлатқан.

Тілсіз жау 03:06-да оқшауланып, 03:24-те сөндірілді. От сөндіру барысында 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылдары дүниеге келген бес баланың мәйіті табылды. Ата - аналары жұмыста болған", - делінген хабарламада.

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай