07 шілде 2016 09:30

Өскеменде 17 жастағы жігіт Ғашықтар аллеясында көпірден секіріп, қайтыс болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Youtube.com/YKnews.kz © Youtube.com/YKnews.kz

Өскеменде 17 жастағы жігіт Ғашықтар аллеясында Ертіс өзеніне құлап кетіп, қайтыс болды. Қайғылы оқиға 5 шілдеде түс әлетінде болған, - деп хабарлайды YK-news.kz


Өскеменде 17 жастағы жігіт Ғашықтар аллеясында Ертіс өзеніне құлап кетіп, қайтыс болды. Қайғылы оқиға 5 шілдеде түс әлетінде болған, - деп хабарлайды YK-news.kz

Куәгерлердің айтуынша, жасөспірім өзеннің маңында селфи түсіру үшін Пермитин көшесі аумағындағы жақтауға шығып алған. Содан ол суға құлап, қатты ағынмен суға батып кеткен.

Шығыс өңірлік аэромобильді жедел құтқарушылар жасағы журналистерге әзірше сүңгуірлердің денені тек көзбен шолып іздей алатынын айтты. Себебі, мұндай судың қатты ағынында денені өзеннің ішінен іздеуге тыйым салынған.

Сонымен қатар, басылымының мәліметінше, WhatsApp қолданушылары жасөспірімнің суға құлап кеткен сәті түсіп қалған делінген видеоны таратып жатыр. Видеодан жас жігіттің Ертіс өзеніне киімімен секіргені көрінеді. Бірнеше метр жүзіп өткен жігіт батып кетпес үшін қоршауды ұстап қалмақ болған. Алайда, ол қоршауға жете алмай, айғайлай бастаған. Ал видеоны түсіріп жатқан оператор жан-жағындағылардан көмек сұраған. Видеодан жігітке өзен жағасына қарай жүзіп кел деген дауыстар естіледі. Ал ол болса айғайлап жатты. Осыдан кейін видео үзіліп кетеді.

Айта кетейік, бұл роликтің осы қайғылы оқиғаға қатысы бар ма, жоқ па - әзірше белгісіз. Басылымның мәліметінше, құқық қорғау органдарынан осы оқиғаға қатысты түсінік берілмеген. Сондай-ақ, видео кадрларынан жігіттің қолында телефон көрінбейді. Сондықтан оның селфи түсіргені туралы мәлімет әлі зерттеледі.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети