11 мамыр 2016 07:59

Өскеменде 9 мамырда ер адам соғыс ардагерін талғанша ұрып-соғып кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде 9 мамырда жаға ұстатарлық жағдай болды. Бір ер адам Ұлы Отан соғысының 92 жастағы ардагерін талып қалғанша ұрып-соққан. Бұл туралы yk.kz басылымына ардагердің немересі Владимир хабарлаған. 


Өскеменде 9 мамырда жаға ұстатарлық жағдай болды. Бір ер адам Ұлы Отан соғысының 92 жастағы ардагерін талып қалғанша ұрып-соққан. Бұл туралы yk.kz басылымына ардагердің немересі Владимир хабарлаған. 

"Кеше түстен кейін атам дүкенге кеткен. Қайтып келгенде үйдің кіреберісінен оның артынан иті бар ер адам кірген. Ол көрші үйдің итін таныған. Жеңіс күнімен құттықтайды деп ойлаған болуы керек, тіпті шарап құйып бермек болыпты. Бірақ ер адам есік жабылғанда оған кенет шабуыл жасаған. Соққылардан атам талып қалған, есін жиғанда "Шалды неге қорлайсың?!" деп қана айтуға тілі келіпті", - деп келтіреді басылым немересінің сөзін.

Ер адам соғыс ардагерінің үйінен құнды зат іздеп, кетіп қалған. Атасы есін жиып, туыстарына хабарласыпты. "Біз келіп, жарақат алғанын көрдік, жедел жәрдем мен полицияға хабар бердік. Полицейлер көрші үйлерді аралады, сөйтсек, иттің егесі бар үйде отырыс болып жатыр екен. Сонда қонақ болып отырған адамды атам таныпты", - дейді Владимир. 

Қазіргі уақытта ардагер ауруханада жатыр, оның миы шайқалған. Күдікті ұсталды, бірақ ол зардап шеккен тараптың мәліметінше, өз кінәсін мойындаудан бас тартып отыр екен. 

Айта кетейік, басылымның оқырмандары ардагерлерге жасалған шабуылдың ойда жоқта болған оқиға еместігін айтады. "Барлық жерде ардагерлерге 500 мың теңгеден берілді деп таратты. 9 мамырда ардагерлердің үйінің ауласында сақшыларды қою керек", - дейді оқырмандардың бірі.

YK-news.kz мәліметінше, ардагердің пәтерінен қылмыскер бес мың теңге мен медальдарды ұрлап кеткен. Ал оны полиция ұстаған кезде ер адам ҰОС ардагерінің медальдары мен ақшасын әжетханаға ағызып жіберіп үлгерген. 

Полицейлер заттай айғақтарды кәріз құдығынан алып шығуға мәжбүр болды. "Абырой болғанда барлық төрт медаль табылды. Қызметкерлеріміз қылмыскердің алып кеткен бес мың теңгесін де қайтарды. Ата марапаттарына қатты алаңдады, себебі оған бұл медальдар өте маңызды. Ардагер медальдары табылғанда қатты қуанды", - деп хабарлады басылымға ШҚО ІІД өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети