08 ақпан 2018 13:02

Өскеменде полицейлерден қашқан мас жүргізуші бір қызды қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Өскеменде мас жүргізуші полицейлерден қашамын деп жаяу жүргіншіні қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ер адам оннан аса жол жүру ережесін бұзды.


Өскеменде мас жүргізуші полицейлерден қашамын деп жаяу жүргіншіні қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ер адам оннан аса жол жүру ережесін бұзды.

ШҚО ІІД баспасөз қызметінің өкілдері полицейлердің Subaru Legacy маркалы көліктің жылдамдықты шамадан тыс асырғанын байқағанын айтады. 

"Батальон қызметкерлері жол ережесін бұзған жүргізушінің тоқтауын талап еткен, алайда ер адам олардың талабын елемеген. Полицейлер көліктің артынан қуа кеткен. Жүргізуші артынан полицейлердің қуып келе жатқанын көріп, жылдамдықты одан әрі асырған", - деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметінің қызметкері Әйгерім Нұрғазина. 

Реттелмейтін жаяу жүргіншілерге арналған жолда жүргізуші 24 жастағы қызды қағып кетті. Осыдан кейін де жүргізуші көлікті тоқтатпай ары қарай қаша жөнелген. 

"Полицейлердің бірі жедел жәрдем қызметін шақырып, қызды дереу ауруханаға жеткізген. Екіншісі жүргізушіні қуалай кеткен. Жүргізуші көлігінен түсіп, жаяу қашпақшы болған жерінен ұсталған. Ер адамның ішімдік ішкені анықталды, сонымен қатар ол біреудің көлігімен жүрген. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бірнеше бап бойынша жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары осы істі қатаң бақылауға алды", - деді ШҚО ІІД өкілдері. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети