13 сәуір 2015 14:14

Өскеменде үшінші қабаттан құлаған бала көкбауырынан айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ruinformer.com © ruinformer.com

Өскеменде үшінші қабаттан құлаған 4 жасар ұл баланың көкбауыры алынып тасталды, - деп хабарлайды YK-news.kz. Оқиға өткен демалыс күндері болды.


Өскеменде үшінші қабаттан құлаған 4 жасар ұл баланың көкбауыры алынып тасталды, - деп хабарлайды YK-news.kz. Оқиға өткен демалыс күндері болды.

Облыстық Ана мен бала орталығының директоры Рая Рахымованың айтуынша, терезеден құлап кеткен бала аса ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Баланың ішкі органдары мен бассүйегі зақымданған.

"Баланың жарақаттарына қарағанда, ол терезеден асфальтқа құлаған. Оның көкбауыры бірнеше жерден жыртылғандықтан, оны алып тастауға тура келді. Бала қазір есін жиды, жағдайы тұрақты, бірақ ол жан сақтау бөлімінде жатыр", - дейді ол.

Айта кетейік, бала москит торының жыртылып кетуі салдарынан ашық тұрған терезеден құлап кетті. Рая Рахымованың сөзіне қарағанда, баланың анасы бөлмені желдетіп алу үшін терезені ашып қойған. Оқиға болған кезде әйел басқа бөлмеде жүріпті.

"Мұндай оқиға биыл бірінші рет тіркелді. Алайда осыған ұқсас оқиғалар жылына бірнеше рет болады. Көбінесе мұндай оқыс оқиғалар жылы кездерде көп тіркеледі. Москит торы өте берік емес, сондықтан ата-аналар осыны ескеріп балаларына мұқият болулары керек", - дейді Рахымова.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбеде 6 жасар бала алтыншы қабаттан құлап кетті. Оқиға 1 наурызда болған. "Жедел жәрдемді" ұл баланы жақын жердегі дүкенге алып барған куәгерлер шақырды. Бала бассүйек-ми зақымы, алдыңғы және артқы құрсақ қабырғалары жарақатын алды.

 


 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети