10 маусым 2022 07:40

"Өзенмұнайгаз" ғимаратының алдында екі адам қарнын жарып тастады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңаөзенде "Өзенмұнайгаздан" жұмыс сұрап барған екі ер адам қызметке орналаса алмағаннан кейін өздеріне пышақ тығып алған. Бұл туралы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жаңаөзенде "Өзенмұнайгаздан" жұмыс сұрап барған екі ер адам қызметке орналаса алмағаннан кейін өздеріне пышақ тығып алған. Бұл туралы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, 9 маусымда сағат 15.00-де бір топ адам компанияға жұмысқа орналасуды талап етіп, "Өзенмұнайгаз" АҚ ғимаратының алдына жиналған.

"Жұмысқа орналаса алмаған екеуі - азамат С.К. және азамат С.Т. (бұрын сотталған) іштің алдыңғы қабырғасы мен білек аймағына пышақ тығып алды, екеуі де қалалық ауруханаға жатқызылды", - делінген ақпаратта.

Олардың өміріне қауіп жоқ. Ауруханаға жеткізілді. Жарақат алғандардың бірі ауруханаға жатудан бас тартып, ғимараттан шығып кеткен.

Әкімдік мәліметінше, ер адамдар бұрын оқудан өтіп, 1 маусымда жеке компанияға 250 мың теңге жалақымен жұмысқа орналасқан.

"Оларға мұнай-газ саласына жұмысқа қабылдау алгоритмге сәйкес, жалпы кезек тәртібімен жүзеге асырылатыны бірнеше рет түсіндірілді. Алгоритмді бұзу, кезексіз жұмысқа орналастыру басқа жұмысқа орналасуға үміткерлерге әділетсіздікке әкеп соғады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети