14 наурыз 2017 | 17:29

Патрульдік көлік қағып кеткен 9 жастағы бала болашақта полицей болғысы келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қалалық ІІД басшылығы 13 наурызда Алматыда патрульдік көлік қағып кеткен оқушының халін білуге ауруханаға барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тоғыз жастағы Даниил Ковалев болашақта полицей болғысы келетінін айтты, - деп хабарлайды Алматы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Қалалық ІІД басшылығы 13 наурызда Алматыда патрульдік көлік қағып кеткен оқушының халін білуге ауруханаға барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тоғыз жастағы Даниил Ковалев болашақта полицей болғысы келетінін айтты, - деп хабарлайды Алматы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Біріншіден, өкінішке қарай, қызметтік көлік қағып кеткен Даниилдың хал-күйін білу үшін бардық. Полицейлер заңға сәйкес жазаларын алады. Екіншіден, Даниилдың ата-анасы мен апасынан кешірім сұраймыз. Дәрігерлер жақсы болжамдар айтып отыр, оның жас екенін ескере отырып және баланың рухы мықты болуына байланысты оның тез сауығып кететіне үміттенеміз. Даниил мен ата-анасы жақсы көзқараста және бала болашақта достарымен ойын алаңына шығып жүгіріп кететініне және мектепке барып, жақындарын қуантатынына сенімдіміз", - деді Алматы қалалық ІІД-нің басшысы генерал-майор Серік Күдебаев.

Үшінші сынып оқушысы өзіне қойылған сұрақтарға табанды жауап берді. "Өскенімде милиционер (полицей - авт.) болғым келеді!", - деді Даниил Ковалев. 

Айта кете кетейік, баланы қағып кеткен полицейлер қызметінен босатылған болатын. "Тәртіптік комиссияның шешіміне сәйкес Алматы қалалық ІІД басшысының 2017 жылдың 13 наурызындағы бұйрығымен Алматы қалалық ІІД ӘПБ ЖПП ӨҚ аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Н.Тұмабаев ішкі істер органдарынан қызметтен босатылды. Ол адам қаққан сәтте тізгінде болған. Оның серігі - Алматы қалалық ІІД ӘПБ ЖПП ӨҚ аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Б.Кембебаев та қызметінен босатылды", - деген еді полицейлер.

Ал осыған дейін зардап шеккен баланың әкесі Михаил Ковалев Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында ұлына ота жасалғанын айтқан еді. 9 жастағы баланың аяғы сынғаны белгілі болған еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети