13 наурыз 2017 22:54

Алматыда 9 жастағы баланы қағып кеткен полицейлер қызметінен айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Алматыда 9 жастағы баланы қағып кеткен полицей қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда 9 жастағы баланы қағып кеткен полицей қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Тәртіптік комиссияның шешіміне сәйкес Алматы қалалық ІІД басшысының 2017 жылдың 13 наурызындағы бұйрығымен Алматы қалалық ІІД ӘПБ ЖПП ӨҚ аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Н.Тұмабаев ішкі істер органдарынан қызметтен босатылды. Ол адам қаққан сәтте тізгінде болған. Оның серігі - Алматы қалалық ІІД ӘПБ ЖПП ӨҚ аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Б.Кембебаев та қызметінен босатылды", - деп хабарлады полицейлер.

Сонымен қатар, жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша тергеуді Алматы қалалық ІІД Анықтау басқармасының жүргізіп жатқаны хабарланып отыр. Жаяу жүргіншіні қаққан жүргізуші заң аясында жауапқа тартылады. Өндіріс аясында қажетті сараптама өткізілген.

Ал осыған дейін зардап шеккен баланың әкесі Михаил Ковалев Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында ұлына ота жасалғанын айтқан еді. 9 жастағы баланың аяғы сынғаны белгілі болды.

"Оған наркозбен ота жасалды. Сол аяғы сынған. Ауруханада тексерістен өтті, жеңіл бассүйек ми жарақатын алған. Басқа жеріне зақым тимеген", - дейді әкесі. Айта кетейік, ол қазіргі уақытта ұлымен бірген ауруханада.

Әкесінің айтуынша, ол мектептен қайтып келе жатқан. Ұлы 3-сыныпта оқиды екен. "Полицейлер оған көмектесіп, 4-ауруханаға жеткізді. Содан ол жақтан Бірінші балалар ауруханасына жеткізілді. Полиция қызметкерлері келіп, кешірім сұрады. Жауапкершілікті өз мойнына алатындарын айтты. Емнің ақшасын төлейміз деп уәде берді", - дейді Михаил Ковалев.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыда полиция көлігінің 9 жастағы баланы қағып кеткені хабарланған болатын. Куәгерлердің айтуынша, оқиға Жангелдин көшесінің бойында Рысқұлов даңғылымен қиылысының маңында бүгін таңғы уақытта болған.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети