1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Алматыда полиция көлігі қағып кеткен 9 жастағы балаға ота жасалды

Алматыда полиция көлігі қағып кеткен 9 жастағы баланың әкесі ұлының жағдайы туралы айтып берді. Михаил Ковалев Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында ұлына ота жасалғанын айтты. 9 жастағы баланың аяғы сынғаны белгілі болды.

"Оған наркозбен ота жасалды. Сол аяғы сынған. Ауруханада тексерістен өтті, жеңіл бассүйек ми жарақатын алған. Басқа жеріне зақым тимеген", - дейді әкесі. Айта кетейік, ол қазіргі уақытта ұлымен бірген ауруханада.

Әкесінің айтуынша, ол мектептен қайтып келе жатқан. Ұлы 3-сыныпта оқиды екен. "Полицейлер оған көмектесіп, 4-ауруханаға жеткізді. Содан ол жақтан Бірінші балалар ауруханасына жеткізілді. Полиция қызметкерлері келіп, кешірім сұрады. Жауапкершілікті өз мойнына алатындарын айтты. Емнің ақшасын төлейміз деп уәде берді", - дейді Михаил Ковалев.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыда полиция көлігінің 9 жастағы баланы қағып кеткені хабарланған болатын. Куәгерлердің айтуынша, оқиға Жангелдин көшесінің бойында Рысқұлов даңғылымен қиылысының маңында бүгін таңғы уақытта болған.

Доллар арзандады
Доллар арзандады