23 мамыр 2022 11:45

Павлодар колониясында шаш қиятын құрылғыға телефон салып өткізгісі келгендер әшкере болды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: polisia.kz Сурет: polisia.kz

Павлодар колониясында сотталушыға шағын ұялы телефон беруге тырысқандар әшкере болды, - деп хабарлайды Polisia.kz


Павлодар колониясында сотталушыға шағын ұялы телефон беруге тырысқандар әшкере болды, - деп хабарлайды Polisia.kz

Павлодар облысы ҚАЖД АП-162/1 аралас қауіпсіздік мекемесінде 35 жастағы азаматтан сәлемдеме қабылдау кезінде ұялы телефон табылған. Ол телефонды шаш қиюға арналған құрылғының аккумулятор батареясына жасырған. Сондай-ақ, 2 SIM-карта және микро флэш-карта табылды.

Сәлемдеме Қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлігі, 256-бабы 2-бөлігі бойынша жазасын орташа қауіпсіз мекемеде өтеп отырған, жеті жылға бас бостандығынан айырылған 30 жастағы сотталушыға арналған. Сәлемдеме жіберген адамға қатысты ҚР ӘҚБК 481-бабы бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылған.

"Тыйым салынған заттарды мекемеге әкелуге жол бермеу туралы әңгімелер үнемі өткізіліп тұрады. Соған қарамастан, келушілер сотталғандарға тыйым салынған заттарды алып өтудің жаңа әрі күрделі тәсілдерін ойлап табады. Алайда қызметкерлердің қырағылығының арқасында бұған жол бермейді. Олар барлық сәлемдемені мұқият тексереді", - деп түсіндірді мекеме бастығының орынбасары Берік Рахимов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети