15 ақпан 2018 17:45

Павлодар облысында автомобиль пойызбен соқтығысты: Бір адам қаза тапты, сәби комада жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Павлодар облысында жүк пойызы автокөлікпен соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Павлодар облысында жүк пойызы автокөлікпен соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жол апаты Павлодар - Құлынды теміржолының бойында болған. Соқтығысу салдарынан жүргізуші мен үш жолаушы, оның ішінде сәби зардап шекті. Зардап шеккендер Шарбақты аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. 

"Зардап шеккен жолаушылардың бірі 1981 жылғы ер адам ауруханаға жеткен кезде қайтыс болды. Оның жары 1978 жылғы әйел жарақаттар алған, алайда оның денсаулығына қауіп жоқ. Алты айлық бала ауыр халде жатыр. Қажетті көмек көрсетілгеннен кейін сәбиді санитарлық авиациямен Павлодар облыстық балалар ауруханасына жеткізді", - деді Шарбақты аудандық ауруханасының бас дәрігері Бахыт Қасымова. 

Облыстық балалар ауруханасындағылар алты айлық қыздың қазіргі уақытта комада жатқанын және жасанды дем алу аппараты арқылы дем алып жатқанын айтты. Ауруханадағылар баланың терезеден ұшып кеткені жайлы айтты. 

Жүргізуші де ауыр жарақат алған. "Зардап шеккен ерлі-зайыпты - Кенжекөл ауылының тұрғындары, ал жүргізуші  Павлодар қаласынан", - деді Шарбақты ауруханасының өкілдері. 

Облыстық ТЖД өкілдері де осы оқиғаға қатысты пікір білдірді. 

"2018 жылы 14 ақпанда шамамен са5fn 22:00-де Lada 21941 маркалы автокөліктің 28 жастағы жүргізушісі Шарбақты ауылын айналып өтетін жолда ескерту елемей, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, жүк көлігімен соқтығысты. Жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деді Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметі.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети