1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Павлодар облысында вагондардың неліктен рельстен шығып кеткені белгілі болды15 шілде 2015, 14:10

© gorodkirov.ru © gorodkirov.ru

Павлодар облысындағы Шідерті станциясында сұйытылған газ толы цистерналардың рельстен шығып кетуінің алдын ала себептері аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алдын ала мәлімет бойынша, Павлодар жол бөлімі Екібастұз-Ерейментау учаскесінің Шідерті станциясында №2113 жүк пойызының сұйытылған газға толы үш цистернасы вагон арбашасы торабының бұзылуынан рельстен шығып кеткен. Бұл қозғалтқыш бөлік 2014 жылы 9 қаңтарда депо жөндеуінен өткен", - делінген хабарламада.

ҚТЖ мамандарының айтуынша, вагонға жөндеу жұмыстарын жүргізген жеке вагон депосына технологиялық процесс пен жөндеу жұмыстарының сапасын тексеру үшін арнайы комиссия құрылады. Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодар облысында сұйытылған газы бар цистерналардың 15 шілде күні теміржолда аударылып қалғаны хабарланған болатын. Апаттың салдары қалпына келтіріліп жатыр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жолаушылар пойыздарының кешігуі туралы хабар түспеді.


Еуро бағамы 500 теңгеден асты