07 қазан 2019 11:01

Павлодарда 71 жастағы жүргізуші өзімен жасты зейнеткерді қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық сурет © gazeta-rybinsk.ru Иллюстрациялық сурет © gazeta-rybinsk.ru

Жол-көлік оқиғасы салдарынан зейнеткер ауруханада көз жұмды, - деп хабарлайды "Павлодар жаңалықтары".


Жол-көлік оқиғасы салдарынан зейнеткер ауруханада көз жұмды, - деп хабарлайды "Павлодар жаңалықтары".

Облыстық полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, оқиға 6 қазанда болған.

"Академик Бектұров көшесіндегі "Сенім" сауда үйінің алдында реттелмейтін жаяу жүргінші жолында 71 жастағы "РАФ 2203" автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. 1948 жылғы зейнеткер әйел алған жарақатынан ауруханада көз жұмды", - деді департаменттің баспасөз қызметінің өкілдері. 

Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. Сот медициналық сараптама тағайындалды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети