Павлодарда әлеуметтік желіде пікір қалдырған қыз ұсталды

14 Маусым 2017, 09:23
0
Павлодарда әлеуметтік желіде пікір қалдырған қыз ұсталды - © pavon.kz
© pavon.kz

Павлодарда полицейлер "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі "Типичный Павлодар" парақшасында құқық қорғау органдарына қатысты балағат сөздер жазған 26 жастағы тұрғынды ұстады, - деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

"Ұсталған қыз кінәсін мойындады. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабы бойынша ("Билік өкiлiн қорлау") cотқа дейінгі тергеу басталды", - делінген Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Заң бойынша оған 300 айлық есептік көрсеткішке (680 700 теңге) дейін айыппұл салынуы мүмкін немесе ол 240 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылып, не болмаса 75 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.

Pavon.kz басылымының мәліметінше, қыз "Арай" кафесінің маңында болған төбелес туралы жаңалыққа пікір қалдырған. Айта кетейік, төбелестен 43 жастағы ер адам қаза тауып, тағы үш адам ауруханаға жеткізілген еді.

"Ол полицейлерге қатысты балағат сөздер айтып, ер адамдардың бірі қайтыс болғанда полицейлердің қайда жүргенін сұрап жазған", - деп жазады басылым.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай