29 маусым 2017 13:00

Павлодарда аулада жатқан қапшықтан өлі сәби табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Куәгерлер жолдаған сурет. Куәгерлер жолдаған сурет.

Павлодарда куәгерлер жантүршігерлік оқиға жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодарда куәгерлер жантүршігерлік оқиға жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

1 Мамыр көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінің кіреберісінен ішінде сәби жатқан қағаз пакет табылған. Пакетті жергілікті Пәтер иелері кооперативінің аула сыпырушысы тауып алған. Куәгерлердің айтуынша, үйлердің бірінің алдында қалдырылған пакеттің ішіндегі сәби өлі болған.

"Бүгін таңертең аула сыпырушы кіреберіс жердегі қоқыстарды шығарып тастамақшы болды. Содан бір пакетті байқаған, қараса ішінде өлі сәби жатыр. Бірден полиция шақырдық. Басқа ештеңе білмейміз", - деді тұрғындар.

Сондай-ақ, тұрғындардың айтуынша, олар өздерінің үйінде жүкті әйелді байқамаған. "Бұл пакетті бізге біреулер қалдырып кеткен болуы мүмкін", - дейді олар.

Расталмаған мәліметтерге сүйенсек, бала шала туылған. Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі әзірше ешқандай пікір білдірген жоқ.


Куәгерлер жолдаған сурет.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети