01 наурыз 2016 17:31

Павлодарда автобус жүргізушісі баланың көзіне тиын лақтырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда автобус жүргізушісі баланың көзіне тиын лақтырғаны үшін жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Павлодарда автобус жүргізушісі баланың көзіне тиын лақтырғаны үшін жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павлодар соты қалалық автопарктерінің бірінің 29 жастағы жүргізушісін зардап шеккен баланың отбасына материалдық шығын ретінде 100 мың теңге өндіріп беруге міндеттеді. 

Сотта баланың отбасы материалдық шығын ретінде 500 мың теңге өндіруді талап еткен еді. "Алайда әйел өз талабын құжатпен дәлелдей алмады. Нәтижесінде оның талабы жартылай қанағаттандырылды", - деп хабарлады соттағылар.

Әйелдің айтуынша, ол қолында баласы болғандықтан жолақыны төлей алмаған. Ол автобустан шығуға ыңғайланғанда жүргізуші есікті жауып, жолақыны талап еткен. 

"Шағымданушы 50 теңгені беріп, тағы да қосымша ақша төлейтінін айтқан. Жүргізуші шағымданушы әйелге қарата елу теңге тиынды лақтырып жібереді. Ол әйелдің қолындағы баланың көзіне тиген", - делінді сотта. 

Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша, балаға зақым келген. Ол денсаулыққа жеңіл жарақатын салу болып белгіленді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети