22 тамыз 2017 11:30

Павлодарда бал ара тасыған көлік тіркемесі аударылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Павлодарда бал ара тасыған көлік тіркемесі аударылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Куәгерлер оқиғаның видеосын Instagram әлеуметтік желісінде жариялады.


Павлодарда бал ара тасыған көлік тіркемесі аударылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Куәгерлер оқиғаның видеосын Instagram әлеуметтік желісінде жариялады.

Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер қазіргі уақытта оқиға орнында жедел топтың жұмыс істеп жатқанын хабарлады. "Алдын ала мәлімет бойынша, көлік тіркемесі фурадан шығып кетіп, кейіннен аударылған. Онымен қоса өтіп бара жатқан Mercedes көлігін соққан", - деп хабарлады өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр. Полициядағылар кейінірек толығырақ мәлімет беруге уәде берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети