Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Павлодарда жаяу жүргінші жолында бір қыз бен бүлдіршінді қағып кеткен жүргізуші іздестіріліп жатыр

01 Ақпан 2016, 11:57
1
Ролик кадрлары
Ролик кадрлары

Павлодар облыстық полициясының өкілдері бір қыз бен бүлдіршінді қағу сәті бейнеленген видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға орнында түсірілген видео "ВКонтакте" желісіндегі "Типичный Павлодар" тобында жарияланды. Видеотіркегіш бір қыздың бүлдіршінмен бірге жаяу жүргінші жолынан өтіп бара жатқан сәтінде оларды жеңіл автокөліктің басып кеткенін түсіріп алған. Жол-көлік оқиғасы 30 қаңтарда болған.

Әлеуметтік желілерде жазылған пікірлерге сенер болсақ, жол апаты Павлодардың орталығында, Естай көшесінде болған. Көлік жүргізушісі тоқтап үлгермей, оларды қағып, бірнеше метрге дейін сүйрейді. Кейін олар капоттан құлап түседі. 

Жаяу жүргіншілер тез тұрып, жол шетіне қарай шығып кетеді.

Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері зардап шеккендердің оқиға болған күні ауруханаға барғанын, қазіргі уақытта ем қабылдап жатқанын хабарлады. "Бұл дерек тіркелді. Зардап шеккендердің аты-жөні анықталды, 1999 жылғы қыз және 8 сегіз жастағы қыз. Олар рұқсат етілген жерде жолдан өтіп бара жатқан. Бірінші жүргізуші оларға жол берді, екіншісі қақты. Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша тексеріс жүргізіп жатыр", - деп хабарлады полицейлер. 

Сонымен қатар, тәртіп сақшыларының мәліметінше, жүргізуші қазіргі уақытта анықталып жатыр. "Зардап шеккендер полицияға хабар берді, себебі жүргізуші оқиға орнынан кетіп қалған. Қазіргі таңда оның аты-жөні анықталу үстінде, зардап шеккендерге қатысты қажетті сараптамалар тағайындалады, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады полициядағылар.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай