01 ақпан 2023 09:35

Павлодарда жүк тиегіш көлік жүргізушісі өртті қармен сөндірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Павлодарда жүк тиегіш көлік жүргізушісі өртеніп жатқан көлікті қармен сөндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.


Павлодарда жүк тиегіш көлік жүргізушісі өртеніп жатқан көлікті қармен сөндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, көлік 31 қаңтарда түс ауа тұрақта тұрған жерінде өртенген. Бұған алаңдаған куәгерлер бірден өртті сөндіруге кіріскен. Олардың әрекеті видеоға түсіріліп, әлеуметтік желіде тарады. Кадрларға қарағанда, арнайы техника жүргізушісі бірінші реттен-ақ жалынның басқа көліктерге тарауына жол бермеген.

Айта кететін жайт, күрек ұстаған тағы үш адам өртті сөндіруге жәрдемдескен. Өрт сөнгеннен кейін бірнеше секундтта оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің арнайы техникасы келеді.

Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, "101" пультіне өрт шыққаны туралы қоңырау түскі сағат 11:35 шамасында түскен.

"Көлік Торайғыров көшесіндегі тұрақта өртенді. Өрт орнында "Горкомхоз" жеке серіктестігінің тракторшысы жұмыс істеп жүрген. Ол жүк тиегішке қар жинап алып, жалынды сөндірген және өрттің көлік ішіне таралуына жол бермеді", - деді облыстық ТЖД өкілдері.

Кейін ведомство өртті сөндіруге көмектескен жүк тиегіш жүргізушіге алғысын білдірген. Арнайы техниканы 53 жастағы Едіге Жұмабеков жүргізгені айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети