20 қыркүйек 2019 09:43

Павлодарда полицей асылып қалған күйі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда полицей асылып қалған күйі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодарда полицей асылып қалған күйі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қызметкердің мәйіті көпқабатты үйлердің бірінің гаражынан табылған. Ол Павлодар аудандық полиция бөлімі басшысының 34 жастағы орынбасары Руслан Оспанов болып шықты. Қазіргі уақытта полиция тергеумен айналысып жатыр. 

"Бұл дерек бойынша тексеріс басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер. Оның нәтижесін қосымша хабарлауға уәде беріп отыр.

Ал марқұмның туыстары біреулердің қысым көрсеткен болуы мүмкін екенін айтады. 

Полиция майоры Оспанов 12 жылдан бері құқық қорғау органдарында қызмет еткен. Оның артында жүкті әйелі мен баласы қалды. Биыл желтоқсанда Руслан Оспанов 35-ке келер еді.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети