17 ақпан 2017 19:12

Павлодарда полицейлер көлігіне соқтығысқан КамАЗ жүргізушісі ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарсы бағытқа шығып кетіп, балалар отырған автобусқа еріп келе жатқан полицей көлігіне соқтығысқан КамАЗ жүргізушісі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарсы бағытқа шығып кетіп, балалар отырған автобусқа еріп келе жатқан полицей көлігіне соқтығысқан КамАЗ жүргізушісі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"КамАЗ жүргізушісі ішпеген. Қазір тергеу шаралары жүріп жатыр. Одан сұрау алынып жатыр", - дейді Павлодар облысы ІІД өкілдері. 

Баспасөз қызметінің берген мәліметі бойынша, КамАЗ жүргізушісі 1967 жылы туған (50 жаста), Павлодардағы ЖШС-лардың бірінде жұмыс істейді. Сонымен қатар, балалардың жарысқа келіп жеткені белгілі болды.

Еске салайық, оқиға бүгін болған. Баянауыл аудандық ішкі істер бөлімі полициясының қызметкерлері қызметтік Lada Granta көлігімен балалар отырған автобусты алып келе жатқан. Балалар Павлодардағы шаңғы жарысына қатысуға бара жатқан. Кенет Павлодар-Астана автожолында Қалқаман ауылының маңында КамАЗ жүргізіп келе жатқан 50 жастағы жүргізуші қарсы бағыттағы жолға шығып кеткен. Жүк көлігі мен балалар отырған автобус соғыспауы үшін полиция старшинасы Мұрат Нұрсейітов ойланбастан қызметтік көлікті жолға көлденең бұрып үлгерген. Осыдан кейін автобусқа қарай келе жатқан КамАЗ полиция көлігін соққан. Жол апатының салдарынан полицей түрлі жарақатымен Павлодардағы ауруханаға жеткізілген. Автобуста 18 бала және оларды алып келе жатқан төрт тәрбиеші болған. Қазіргі уақытта 39 жастағы полицей жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайын дәрігерлер аса ауыр деп бағалап отыр.


Видео instagram.com/kolesa_pavlodara


Видео instagram.com/vpavlodare

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети