Павлодарда полиция "Оккупай-педофиляй" стиліндегі белсенділерді ұстады

25 Мамыр 2014, 19:31
0
Павлодарда полиция "Оккупай-педофиляй" стиліндегі белсенділерді ұстады -  ©Tengrinews.kz
©Tengrinews.kz

Павлодарда полиция қызметкерлері "Оккупай-педофиляй" стиліндегі белсенділерді ұстады. Бұл туралы Tengrinews.kz  тілшісіне "Болашақ үшін" қозғалысының көшбасшысы Николай Гергерт айтып берді. 

Оның айтуынша, 24 мамыр күні кешке полиция бұл қозғалыстың екі белсендісін ұстаған. Тұтқындалғандардың бірі  Андрей Протопопов учаскіге жеткізілген. "Жігіт көшеде қызбен серуендеп жүрген. Оған екі полиция қызметкері келіп, бөлімшеге баруын талап еткен. Ол іздеуде жүрген ұрыларға ұқсапты-мыс. Бірақ, полиция қызметкерлері өздерін таныстырмай, қызметтік куәліктерін де көрсетпеген. Полиция бөлімшесінде оның ұрлыққа қатысы бар екенін тексерудің орнына біздің қоғамдық қозғалысқа қатысы туралы және қозғалыстың мүшелерімен байланысын сұраған", - деді Николай Гергерт. 

Жарты сағат өткеннен соң белсендіні босатқан. Гергерттің айтуы бойынша дәл осы күні полиция қызметкерлері қозғалыстың тағы бір мүшесін ұстаған. Оның айтуынша, жас жігітті жол патрульдік полиция қызметкерлері тоқтатқан. Бұл оқиға ол қызын күтіп тұрған үйдің қасында болған. Белсендінің өз сөзінше полиция қызметкерлері одан қоғамдық қозғалысқа қандай қатысы бар екенін сұраған. 

"Біз полиция қызметкерлерінің бұл әрекеттерін біздің ұйымға деген психологиялық қысым деп бағалаймыз. Мұндай істермен біздің жастарымызды қасақана арандатқысы келеді деп ойлаймыз. Мен полицияның мұндай қысымнан не ұтатынын білмеймін. Бірақ, қылмыстық істі ашып, өздері босатып жіберген педофилдің жағдайын түсіндірудің орнына полиция қызметкерлері біздің қозғалыспен айналысып, ешқандай негізсіз біздің мүшелерді ұстап, бізге арандатушылық жасап отыр", - дейді Гергерт.

Еске салайық, 21 мамырда  "Болашақ үшін" қозғалысына қатысушылар "Оккупай-педофиляй" стилінде тәртіп орнатпақшы болып, кәмелетке толмаған баланы зорлауға ниеттенген 31-жастағы ер адамды ұстаған. Қозғалыс белсенділері педофилді полицияның Оңтүстік бөлімшесіне жеткізген. Арада үш сағат өткен соң ол босатылған. Полиция қызметкерлері қоғам белсенділері қолындағы болған оқиғаны тіркеген құжаттарды, бейнетаспа мен жазбасы бар флешканы тартып алған. Николай Гергерт айтуынша, бұл заттар иелеріне қайтарылмаған. 

 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай