10 қаңтар 2017 10:39

Павлодарда шыққан атыстың себебі белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда атыс шығарғандар автотұрақтағы орынға таласқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодарда атыс шығарғандар автотұрақтағы орынға таласқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полициядағылардың айтуынша, белгісіз біреулер Павлодар тұрғынын бизнес-орталық алдындағы көлік тұрағына таласқаннан кейін атқан. Жәбірленуші мен белгісіздердің арасында жанжал туып, кейін травмат қаруынан оқ атылған. Полицияның өңірлік департаментіндегілер осы дерек бойынша "Бұзақылық" бабымен тергеу жүргізіп жатыр.

Ал жәбірленушінің павлодарлық екені және оның бетіне және арқасына зақым келгені анықталды. Дәрігерлердің айтуынша, 1983 жылғы ер адам Павлодардың №1 ауруханасының нейрохирургия бөлімшесінде жатыр. Оның жағдайы орташа екен. Ер адам травмат қаруынан жараланған.

Нақтыланған мәліметтер бойынша, ол Toyota көлігінің иесі. Оқиға кезінде куәгерлер үш рет оқ атылғанын естіген. Оқ Lexus көлігінен атылған. Әйелдердің бірі жараланған ер адаамның тұрақта тұрған көліктің біріне отырғанын, кейін жерге құлағанын көрген. 

Еске салайық, кеше Павлодарда атыс болып, полицейлердің атысқандарды іздестіріп жатқаны хабарланған. Куәгерлердің айтуынша, оқиға 1 Мамыр - Толстой көшелерінің қиылысында болған. Мұның алдында ауданды полицейлер қоршауға алған, оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеген. Осы ауданда орналасқан ғимараттың алдында қан іздері бар. Қалада жедел ұстау жоспары жарияланған болатын.

Расталмаған мәліметтер бойынша, BMW және Lexus көліктері іздестіріліп жатыр. Қалада ұстау жоспарының жарияланғаны жайлы мәліметті полициядағылар растап отыр. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети