Павлодарда жантүршігерлік жол апаты: Екі оқушы қызды трамвай басып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда жантүршігерлік жол апаты: Екі оқушы қызды трамвай басып кетті @tipavlo

Павлодарда екі оқушы қызды трамвай басып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жол апатының суреті Instagram желісіндегі @tipavlo парақшасы жариялады. 


Оқиғаға қатысты өңірлік денсаулық сақтау басқармасының басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Оразалин пікір білдірді. Оның айтуынша, оқиға сағат 7:43-те болған. 

"Ломов пен Қатаев көшелерінің қиылысында 2007 және 2009 жылғы қыздарды трамвай басып кетті. Амал не, бірі қаза тапты, екіншісі жансақтау бөлімінде бізде жатыр, жағдайы аса ауыр", - деп хабарлады ол. 

Павлодарлық трамвай басқармасының баспасөз қызметіндегілер көліктің оқиға кезінде бірінші маршрут бойынша алюминий зауытына бара жатқанын айтты. Тізгінде бес жылдық тәжірибесі бар 1987 жылғы қыз болған.

Балалар Павлодардағы №4 орта мектепте оқыған. Оқу мекемесіндегілер қыздардың апалы-сіңлілі екенін айтады. "Бұл оқиға енді ғана болды. Апалы-сіңлілер, екінші және төртінші сыныпта оқиды", - деп хабарлады мектептегілер.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +24
Астана +22
Ақтау +27
Ақтөбе +18
Атырау +24
Б
Балқаш +25
Ж
Жезқазған +20
Қ
Қарағанды +21
К
Көкшетау +20
Қ
Қостанай +29
Қызылорда +23
П
Павлодар +18
Петропавл +21
С
Семей +21
Т
Талдықорған +23
Тараз +30
Түркістан +19
О
Орал +15
Ө
Өскемен +25
Ш
Шымкент +26

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер