Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Петропавлда бес адамның өмірін қиған өрттің себебі аталды

11 Мамыр 2014, 16:51
0
Өрт 11 мамыр күні сағат 03.35-те басталған. ©Тengrinews.kz
Өрт 11 мамыр күні сағат 03.35-те басталған. ©Тengrinews.kz
Жалын 72 шаршы метрді шарпыған. ©Тengrinews.kz
Жалын 72 шаршы метрді шарпыған. ©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz
Оқиға орнынан үш ер адам мен екі әйел адамның мәйіті табылды. ©Тengrinews.kz
Оқиға орнынан үш ер адам мен екі әйел адамның мәйіті табылды. ©Тengrinews.kz
Өрттің шығуына диванның тұтануы себеп болған. ©Тengrinews.kz
Өрттің шығуына диванның тұтануы себеп болған. ©Тengrinews.kz
Өрттің шығуына диванның тұтануы себеп болған. ©Тengrinews.kz
Өрттің шығуына диванның тұтануы себеп болған. ©Тengrinews.kz
Петропавл қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Азамат Орамбаев. ©Тengrinews.kz
Петропавл қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Азамат Орамбаев. ©Тengrinews.kz

Петропавлда бес адамның өмірін қиған өртке диванның тұтануы себеп болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Төтенше оқиға болатын күні кешкісін бұл жеке үйде диван жанған. Отбасы оны өз күштерімен сөндірмек болған. Өртсөндіру қызметін шақырмаған. Жиһаздың жанған жерін сөндіріп, сарай маңына қалдырған", - дейді Петропавл қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Азамат Орамбаев.

Көршілердің айтуынша, марқұм болғандар - спиртті ішімдікке құмар адамдар, үйге бейтаныс әрі күдікті адамдар жиі келетін болған. "Біз олармен көрші тұрдық, ешқашан жанжалдаспауға тырыстық. Түнде есікті қағып айқайлаған адамдардың даусынан ояндық. Мен баламды алып, күйеуімді ояттым. Бізге көршілер көмектесті", - дейді үйдің екінші жартысында тұратын әйел. Өрттің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық, өрт-техникалық сараптамалары тағайындалды.

Еске сала кетейік, 11 мамыр күні сағат 03.35-те Петропавлда екіпәтерлі үйдің бір бөлігі өртенген болатын. Тілсіз жау сағат 05.43-те толық залалсыздандырылған. Үйдің 72 шаршы метрі өртенді. Оқиға орнынан үш ер адамның және екі әйел адамның мәйіті табылды.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай