30 мамыр 2018 15:31

Петропавлда жұмысшы бетон араластыратын машинаға түсіп кетіп қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pkzsk.info © pkzsk.info

Петропавлда тоғыз қабатты үйдің құрылысы кезінде жұмысшы қаза тапты, - деп хабарлайды Петропавловск.news. Төтенше жағдай кеше, 29 мамырда болған.


Петропавлда тоғыз қабатты үйдің құрылысы кезінде жұмысшы қаза тапты, - деп хабарлайды Петропавловск.news. Төтенше жағдай кеше, 29 мамырда болған.

Басылымның мәліметінше, 48 жастағы ер адам бетон араластыратын машинаға түсіп кеткен. Оның машинаны тазалау үшін миксердің ішіне кіргені айтылады.

Солтүстік Қазақстан облысы Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының өкілдері бұл мәліметті растады. 

СҚО Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары, еңбек инспекторы Арман Жалелов қазіргі уақытта осы жағдайды тергеп, анықтау үшін арнайы комиссия құрылғанын айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети