26 сәуір 2019 11:44

Петропавлда көпқабатты үйде өрт шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Arnapress.kz © Arnapress.kz

Солтүстік Қазақстан облыс орталығында төтенше жағдайлар департаментінің мамандары бір отбасыны өрттен аман алып қалды, - деп хабарлайды Петропавловск.news.


Солтүстік Қазақстан облыс орталығында төтенше жағдайлар департаментінің мамандары бір отбасыны өрттен аман алып қалды, - деп хабарлайды Петропавловск.news.

Петропавлдағы көпқабатты үйлердің бірінде кешкі уақытта өрт шығып, 25 адам, оның ішінде үш бала эвакуацияланды. Бесінші қабатта орналасқан пәтерде тұратын отбасыны эвакуациялау кезінде айтарлықтай қиындықтар туындаған. Автосатыны шығаруға ведомство қызметкерлерінің уақыты болмаған. Сонымен қатар, шағын аулада тұраққа қойылған автокөліктер де кедергі жасаған. 

"Пәтер есігі ашық болып, тіпті пәтерге түтіннің енуіне жол бермеу үшін дымқыл шүберекпен төселген. Құтқару тәсілін қысқаша түсіндіріп, өрт сөндірушілер эвакуацияланғандардың бастарына құтқару капюшондарын жауып, алдын ала өздерінің тыныс алу аппараттарына қосып берді", - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері.

Бөлімше командирі Аслан Есенғалиевтің айтуынша, ең қиыны үшінші және төртінші қабаттарда электр қуатының сымдары өртеніп, содан улы газ иісінен өту қиын болған. Өрт сөндіруші Асылбек Кеңес жанып жатқан үйден 6 жасар баланы алып шықты.

"Кеудеме қысып алып, оны барынша тынышталдыруға тырыстым.Әзірге өзімде бала жоқ, бірақ мұндай минуттарда өзіді бала сезініп, әкеңнің қолыңнан ұстап жетектегенін еске түсіресің. Аман есен сыртқа алып шығып, ата-анасына тапсырдым, - дейді Асылбек Кеңес.

Мамандардың айтуынша, үлкен металл шлагбаум салдарынан жағдай ушығып, салдары анағұрлым ауыр болуы мүмкін болған. Кіреберісте берік орнатылған шлагбаумды жұлып алуға тура келген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети