29 наурыз 2014 18:23

Петропавлдағы дүкеннің "тоналуы" жарнама болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейнеролик кадры Бейнеролик кадры

Петропавлда пейнтболшылардың дүкен тонап жатқаны түсірілген бейнежазба жарнама болып шықты деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі. 


Петропавлда пейнтболшылардың дүкен тонап жатқаны түсірілген бейнежазба жарнама болып шықты деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі. 

Телефон аксессуарлары дүкенінің сайты интернетте пайда болған бейнетүсірілімнің сахналанған қойылым екенін хабарлады. Бейнеролик ойын-сауық әрі қызметкерлердің қарақшылар шабуылы кезіндегі әрекетін тексеру мақсатында түсірілген. 

"Дүкен тонаған пейнтболшылар" ғаламдық желіге бұл қойылымды қалай түсіргені туралы бейнежазбаны орналастырды. Онда өздерінің алғашқы ролигінің жағымсыз ойды көздемейтінін, қолданылған қарудың ойыншық және реквизит екенін айтады. "Біз бұл видеоға қоғам айрықша мән береді деп ойлаған жоқпыз. Біз ролик қолайсыздық келтірген адамдардан кешірім сұраймыз. Мұндайды қайталамауға табандылықпен кеңес береміз", - дейді вирус-роликті жасаушылар. Олар жылдам әрекет еткен Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің жетекшілеріне алғыс білдіреді.

Еске сала кетейік, Петропавлдағы телефон аксессуарлары дүкендерінің бірінің "тоналғаны" түсірілген бейнежазба интернетте 28 наурыз күні пайда болған еді. Кадрдан пейнтболшылардың киімін киген белгісіз біреулердің сауда орнына кіріп келіп, адамдарға қару кезенгені және витриналарды сындырып, ішіндегі тауарларды алып кеткені көрінеді. Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті тонау дерегін растай алмады. Ал дүкен басшылығы бұл туралы түсініктеме беруден бас тартты. Әлеуметтік желі қолданушыларының бірқатары бейнероликтің вирустық жарнама болуы мүмкін екендігін бірден сезген. Себебі қарулы қарақшыларды телефон аксессуарлары мен зарядтау құрылғыларының қызықтыруы екіталай. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети