06 қаңтар 2018 13:28

Полицейлер Ақтаудағы супермаркет маңында болған төбелестің видеосына қатысты пікір айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Lada.kz © Lada.kz

Полицейлер Ақтаудағы супермаркеттің маңында болған төбелестің видеосына қатысты пікір айтты, - деп хабарлайды Lada.kz.


Полицейлер Ақтаудағы супермаркеттің маңында болған төбелестің видеосына қатысты пікір айтты, - деп хабарлайды Lada.kz.

Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, видео 29 желтоқсанда Ақтаудағы 26-ықшамауданда түсірілген.

"Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігіне сәйкес, ұсталған үш адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ұсталғандар УҰИ-да отыр. Видео супермаркеттің күзетшісіне шабуыл жасалған сәтте түсірілген", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Басылымның мәліметінше, 29 желтоқсан күні үш адам супермаркетте ұсталды. Олардың бірі дүкеннің күзетшісін жаралаған. Шабуылдың жасалғанын күзет агенттігінің директоры хабарлады, агенттіктегілер күдіктілерді ұстау үшін полицейлерге көмектесті.

"25-30 жас аралығындағы үш ер адам дүкенде болған, барлығы да мас күйде. Олардың бірінің қолында пышақ болды, ол шабуыл жасағандарды тоқтатпақшы болған күзетшіні сол пышақпен жаралаған. Ішінен пышақ жарақатын алған күзетшіні жедел жәрдем алып кетті. Күдіктілер кассаны тонамақшы болған, дүкеннің ішін талқандап, бөтелкелерді шаққан. Екі ер адамды біздің қызметкерлер оқиға орнында ұстады, үшіншісі 27-ықшамауданда тығылмақшы болды. Біздің қызметкер оның артынан қуып, ұстап алды. Үшеуін де полиция қызметкерлеріне тапсырдық", - деді күзет агенттігінің директоры Жеңіс Қарымсақов.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети