28 наурыз 2023 | 17:43

"Полицейлер жібермей қойды". Атырауда шалбарына дәрет сындырған блогер қамауға алынды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда блогер полицейлердің көзінше дәрет сындырған, осы әрекеті үшін бес тәулікке қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Атырауда блогер полицейлердің көзінше дәрет сындырған, осы әрекеті үшін бес тәулікке қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 21 наурыз күні қалалық полиция бөлімінің маңында болған. Тәртіп сақшылары блогер Қадырбай Мұханбетжанның көлігін әйнектері қараңғыланған деген негізде тоқтатқан. Тексеру барысында бұл факт расталмады, бірақ жүргізуші басқа заңбұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартылды.

"Менде сақтандыру полисі және техникалық байқаудан өту құжаты болмады, себебі бұл көлік әкеме сатып алынған, мен құжаттарды ретке келтіруді ұмытып кетіппін. Бұл мені жауапкершіліктен босатпайды, мойындаймын. Толтырылған хаттамалармен келісіп, бір апта ішінде 50 пайыз жеңілдікпен айыппұлды төлеуге келісім бердім. Бірақ мені тағы бір нәрсе ашуландырды: полиция мені бір сағаттай эвакуатор күтуге мәжбүр етті. Осы уақыт ішінде мен әжетханаға барғым келді. Олар мені жібермей қойды, кетсем, бап бойынша қамауға алар еді. Мен оларға жалынуға мәжбүр болдым. Бірақ олар мүлде немқұрайдық танытты, жанашырлық танытпады.

Эвакуаторды жарты сағат күткен соң, мен олардың біреуін менімен жақын маңдағы қонақүйге баруға көндірдім. Бірақ ғимаратта ешкім болмады, ол жерден кетіп қалдық. Содан кейін біз көлікке оралдық, бірақ әлі эвакуатор келмепті. Сосын мен олардан қызметтік көлігімен полиция бөлімшесіне жеткізуді өтіндім. Олар бас тартты. Содан шыдай алмай, шалбарыма сидім. Дәлел ретінде белбеуімді шешіп, оларға көрсеттім. Сол үшін бес тәулікке қамауға алындым", - деді блогер.

Ол көп күткен эвакуатордың жеке тасымалдаушы болып шыққанын, ол көзбен қарағанда полицияның арнайы техникасына ұқсамайтынын айтты.

Осыған байланысты Tengrinews.kz редакциясы пікір үшін Атырау облыстық Полиция департаментіне жүгінді.

"Ер адамның қоғамдық орында дәрет сындырғаны тексерілді. Оқиға 21 наурызда сағат 18:00 шамасында болды. Жол қозғалысына қатысты құқық бұзушылықтарға байланысты жүргізушіге қатысты хаттама толтырылды.

Көлікті арнайы тұраққа апару кезінде жүргізуші дәретханаға барғысы келетінін айтқан. Патрульдік полиция батальонының қызметкері жүргізушіні аялдама маңында орналасқан қонақүйге шақырған. Алайда жүргізуші қонақүйге кіргеннен кейін дәретханаға кіруден бас тартты. Кейін ер адам дәрет сындырып, қоғамдық орында киімін шеше бастаған", - деді облыстық ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Тәртіп сақшылары жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434, 230 және 590-баптары бойынша үш хаттама толтырылғанын қосты. Сот шешімі бойынша ол бес тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети