Полиция Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов ұсталған сәттің видеосын көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов ұсталған сәттің видеосын көрсетті Бейнеден алынған кадрлар

Астана полиция департаменті бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновті ұстау сәті түсірілген видеоны жариялады. Бүгін спортшы мас күйде көлік жүргізіп, жол-көлік оқиғасына себепкер болғаны үшін қамауға алынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астана полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты салдарынан бірнеше көлік зақымдалған. Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Land Cruiser тізгінінде болған Елеусінов бірнеше көлікпен соқтығысып, оқиға орнынан бой тасалаған. Дегенмен спортшы көп ұзамай ұсталды.

Кейін әлеуметтік желіде көліктің суреті пайда болды, ол Елеусіновке тиесілі делінеді. Суретке қарағанда, күңгірт түсті Toyota Land Cruiser 250 Prado жол талғамайтын көлігі соқтығысу салдарынан қатты зақымдалған: негізгі соққы көліктің сол жақ алдыңғы бөлігіне тиген. Көліктің бампері толығымен қирап, қанаты мен капоты қатты майысқан, блок-фарасы зақымдалған, ал дөңгелек доғасының пластик қаптамалары жұлынып, салбырап тұр.

Бүгін Астананың әкімшілік соты Елеусіновті 20 тәулікке қамауға алып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырды.

Данияр Елеусінов - Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, 2016 жылғы Олимпиада чемпионы, 2013 жылғы әлем чемпионы, Азия ойындарының екі дүркін жеңімпазы (2010, 2014) және Азияның екі дүркін чемпионы (2013, 2015). Кәсіпқой бокста ол жартылай орта салмақта IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы (2021–2024) және IBF Inter-Continental чемпионы (2020–2022) титулдарына ие болған.

Қаңтарда Данияр Елеусінов Tengri Sport-қа берген сұхбатында блогерлермен жекпе-жекке қатысты көзқарасы туралы айтып, мансабындағы ең ауыр кезеңді еске алды.

Тағы оқыңыз: Төбелес, допинг, қамау: қазақстандық спортшыларға қатысты даулы оқиғалар

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +24
Астана +21
Ақтау +25
Ақтөбе +25
Атырау +23
Б
Балқаш +30
Ж
Жезқазған +19
Қ
Қарағанды +23
К
Көкшетау +28
Қ
Қостанай +31
Қызылорда +21
П
Павлодар +25
Петропавл +22
С
Семей +22
Т
Талдықорған +28
Тараз +31
Түркістан +26
О
Орал +19
Ө
Өскемен +30
Ш
Шымкент +26

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер