Полиция Шымкентте фосфор зауытында жарылысқа кінәлі адамдарды іздестіріп жатыр

21 Желтоқсан 2016, 18:33
0
Полиция Шымкентте фосфор зауытында жарылысқа кінәлі адамдарды іздестіріп жатыр - © otyrar.kz
© otyrar.kz

Шымкентте фосфор зауытында жарылысқа байланысты сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Осы дерек Шымкент қалалық ІІБ Еңбекшіқазақ полиция бөлімшесі сотқа дейінгі тергеу шараларын Біріңғай реестрге ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігі ("Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу") бойынша тіркеген. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деді полициядағылар. 

Еске салайық, Шымкенттегі майлау материалдарын шығаратын зауытта майланған "КамАЗ" жарылып, бір адам қаза тауып, тағы екі адам күйікпен ауруханаға жеткізілді. ОҚО ТЖД баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, қайғылы оқиға HILL Corporation ЖШС атты майлау материалдарын шығаратын зауытта болған. "КамАЗдардың" біріне майлап жатқанда ол бірден жарылып, жанып кеткен. Құю станциясының 1991 жылғы операторы оқиға орнында қаза тапты. Сондай-ақ, зауыттың 1985 жұмысшысы мен жүк көлігінің 1967 жылғы жүргізушісі зардап шекті.
 
Зардап шеккен екі адам жедел түрде аурухананың күйік бөліміне жеткізілді. Дәрігерлер олардың бірінің денесінің 80 пайызға дейін күйік шалғанын айтты.

Төтенше жағдай туралы 101 пультіне сағат 20.09-да хабарлама келген. Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 20.30-да келген. 10 минуттан соң өрт толықтай сөндірілген.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай