13 қараша 2014 13:30

Ресейде қазақстандық бойжеткен өзін-өзі өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Калининградта қазақстандық 20 жастағы бойжеткен өзін-өзі өлтірді. Оның денесі танысының пәтерінен асылған күйі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ресей Тергеу комитетінің Калининград облысы бойынша тергеу басқармасына сілтеме жасап.


Калининградта қазақстандық 20 жастағы бойжеткен өзін-өзі өлтірді. Оның денесі танысының пәтерінен асылған күйі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ресей Тергеу комитетінің Калининград облысы бойынша тергеу басқармасына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта тергеу орындары оқиғаның мән-жайы мен марқұмның әрекетінің себептерін анықтап жатыр. Тергеу комитеті мамандары тексеру шеңберінде сот-медициналық сараптамасы тағайындалғанын айтты. Тексеру шаралары аяқталғаннан кейін тергеу тиісті шешім қабылдайды. Оқиға 11 қараша күні облыс орталығындағы Орал көшесіндегі үйлердің бірінің пәтерінде болған. 

Оқиға орнын қарау барысында марқұмның денесінде жарақат немесе зорлық-зомбылық белгілері болмағаны анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, Қазақстанның 20 жастағы азаматшасы Калининградқа екі апта бұрын келген. Бұл қалада таныстары болғаннан кейін ол мұнда бұрын да келіп жүрген. Ол Калиниградта пәтер жалдап тұратын екі таныс ер адамның үйіне тоқтаған. Қыз мұнда жұмыс тапқанша тұра тұрмақ болған. Бірақ қыз қаладан жұмыс таба алмайды.

11 қараша күні кешкісін қыздың жұмыстан үйіне келген таныстарының бірі оның жіпке асылып тұрғанын көреді. Тергеудің мәліметінше, өзіне-өзі қол жұмсаған қыз өлерінен бұрын Қазақстандағы жігітімен хат алысқан. Ол жігітіне барлық мәселелердің шешімін тапқанын айтыпты.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети