03 қаңтар 2015 02:38

Ресейде өзін-өзі атып алған 4 жасар сәби аман қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Ресейдің Липецк қаласында төрт жасар қыз бала атасының тапаншасымен өзін-өзі басынан атып алды, қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды "БалтИнфо" РФ ІІМ ресми өкіліне сілтеме жасап.


Ресейдің Липецк қаласында төрт жасар қыз бала атасының тапаншасымен өзін-өзі басынан атып алды, қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды "БалтИнфо" РФ ІІМ ресми өкіліне сілтеме жасап.

Қыз бала ауруханаға өте ауыр халде жеткізілген. "Бүлдіршін кешкісін атасының тапаншасын тауып алып, онымен ойнай бастаған, бір кезде одан кездейсоқ оқ атылған. Калибрі 18 миллиметр болатын оқ сәбидің басына тиді. Қыз баланың жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр", - деді ішкі істер министрлігінің ресми өкілі. 

Сәбидің атасына қатысты "Азаматтық қаруды сақтау ережесін бұзып, ауыр салдарға соқтыру" бабы бойынша хаттама толтырылды. Қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралып жатыр. 

Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ-та екі жасар баланың шешесін атып алғаны хабарланған болатын. Оқиға таңғы уақытта Айдахо штатындағы Хейден қаласында орналасқан Walmart дүкенінде болды. 29 жастағы әйел өз баласымен және туыстарымен бірге дүкеннің электроника бөліміне кіреді. Бала дүкен арбасында тапаншасы бар сөмкенің қасында отырады. Ол сөмкені ақтарып отырып, тапаншаның шүріппесін басып қалады. Әйел алған жарақатынан қайтыс болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети