Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Ресейден ұшқан зымыран Қазақстанға құлай бере ме?

28 Наурыз 2014, 13:00
0
©uralskweek.kz
©uralskweek.kz
©uralskweek.kz
©uralskweek.kz

Батыс Қазақстан облысының Шонай елді мекені маңына құлаған заттың метеорологиялық зымыран екені анықталды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен Қорғаныс министрлігі мамандары хабарлады.

"27 наурыз күні сағат 09.07-де БҚО ТЖД бірыңғай кезекші диспетчерлік қызметке Бөкей ордасы ауданының Шонай елді мекенінен 500 метр жерден снарядқа ұқсас анықталмаған зат табылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына әкімдік, аудандық ішкі істер бөлімі, қорғаныс департаменті, экологиялық қызмет, төтенше жағдайлар бөлімі мен аудандық прокуратура мамандары барды", - деп мәлімдеді облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Заттар табылған жерді қарау барысында Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің жедел тобы құлаған заттың метеорологиялық зымыран екенін анықтады. ҚР Қорғаныс министрлігі де Шонай елді мекені маңынан табылған қалдықтардың метеорологиялық зымырандікі екенін растады. "Зымыран Ресей қорғаныс министрлігінің "Капустин Яр" полигонынан 2014 жылға арналған сынақ жұмыстары жоспары шеңберінде ұшырылған, бұл жоспар 2013 жылдың 28 қарашасында Қазақстан Қорғаныс министрлігімен келісілген", - делінген таратылған хабарламада.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, сынақ барысында қозғалтқыш қондырғысы істен шыққан, сөйтіп зымыран полигон аумағына жетпей қалған. Зымыранның құлаған қалдықтарынан зардап шеккендер жоқ, экологияға шығын келмеді. Қазір Қорғаныс министрлігі оқиға себептері анықталғанша Қазақстан аумағындағы Ресейге жалға берілген әскери алаңдарда сынақ жүргізуді тоқтатты.

Еске сала кетейік, 27 наурызға қараған түні Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданы аумағына зымыран құлаған болатын. Оның сол түні "Капустин Яр" полигонынан ұшырылғаны хабарланды. Шонай елді мекені тұрғындарының айтуынша, жергілікті уақыт бойынша сағат 01.00 шамасында ауыр заттың гүрс етіп құлағаны естілген және жер сілкінген. Ауылдың шетіндегі тұрғындар үйлерінен шығып қарағанда, 300-400 метр жерден жалын көрінген. 



Подробнее:http://tengrinews.kz/events/upavshaya-ryadom-s-poselkom-v-zko-raketa-yavlyaetsya-meteorologicheskoy-252628/
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на Tengrinews.kz


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай