28 наурыз 2014 09:50

Ресейлік зымыран БҚО аумағындағы ауылдың маңына құлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шұнғай ауылы маңына құлаған ресейлік зымыранның бөлшектері uralskweek.kz сайтынан алынды Шұнғай ауылы маңына құлаған ресейлік зымыранның бөлшектері uralskweek.kz сайтынан алынды

Ресейлік зымыран Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда ауданы аумағында орналасқан Шұнғай ауылы маңына құлады, деп жазады "Уральская неделя".


Ресейлік зымыран Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда ауданы аумағында орналасқан Шұнғай ауылы маңына құлады, деп жазады "Уральская неделя".

Басылымның хабарлауынша, зымыран наурыздың 27-cі күні ресейлік "Капустин Яр" әскери полигонынан ұшырылған. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Ауыл тұрғындары айтқандай, жергілікті уақытпен 01.00 сағатта ауыл маңында қатты жарылыс болып, жер сілкінген. Тұрғындар сыртқа шыққанда ауылдан 300-400 метр қашықтықта лаулап жанып жатқан отты көрген. Арада бірнеше сағат өткенде ауылға полицейлер мен әскерилер келіп, ресейлік зымыран құлаған жерді қоршауға алған.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ресейлік зымыран құлардың алдында үшке бөлініп кеткен. Дәл қазіргі уақытта ауылда ресейлік әскерилер жүр. Ресейлік зымыранның қалдықтарын шығару жайы қарастырылуда.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети