1. Басты
  2. Біл
  3. Тосын жай

Ресейліктер Қазақстаннан көне бақырларды алып өтпек болды

©metronews.ru ©metronews.ru

Ресей азаматтары Қазақстаннан 230 көне бақырды алып өтпек болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысындағы Жәнібек шекара жасағына қарасты "Орда" заставасының наряды Ресей Федерациясының төрт азаматын ұстады. Олардың автокөлігінен нумизматика заттары табылды – 1846 жылы жасалған тиын-тебендер (жалпы саны - 230 дана), түсті металдардан жасалған 470 дана құнды әшекей (жүзіктер, түймелер, төсбелгілер, жетондар, білезіктер), сонымен қатар іздестіру жұмыстарына арналған арнайы құралдар – төрт металліздегіш. 

Ресейліктер Toyota Land Cruiser автокөлігін мінген. Бұл дерек Бөкейорда ауданының құқық қорғау органдарына хабарланды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.