27 қазан 2023 11:43

Сәния Мұратоваға қатысты жанжал: экс-депутат қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/saniya_bulqairqyzy Фото: instagram.com/saniya_bulqairqyzy

Ақтөбе қалалық мәслихатының экс-депутаты Сәния Мұратова 15 тәулікке қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбе қалалық мәслихатының экс-депутаты Сәния Мұратова 15 тәулікке қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақпаратты Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

"Әкімшілік соттың 2023 жылғы 26 қазандағы қаулысын орындау мақсатында Сәния Мұратова 15 тәулікке Ақтөбе қаласындағы әкімшілік қамауға алынғандарға арналған арнайы ұстау изоляторына қамалды", - делінген облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін мас күйде көлік жүргізгені үшін сот оны 15 тәулікке қамауға алуды және жеті жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айыруды ұйғарды. Сотта полиция инспекторы Нұржас Мүсіреп бір ай бойы полиция Мұратованың қайда екенін анықтай алмағанын айтты. Сондықтан істі қарап жатқан судья 53 жастағы экс-депутаттың қатысуынсыз шешімді оқыды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети