Сары фосфор тиелген вагон өртінен кейін Арыс тұрғындары эвакуацияланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Facebook желісінде жазды.
Сары фосфор тиелген вагон өртінен кейін Арыс тұрғындары эвакуацияланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Facebook желісінде жазды.
Оның айтуынша, Жамбыл облысынан Ресейге бара жатқан екі фосфор контейнерінен өрт шыққан.
"Аудан мен облыстың барлық төтенше күштері жұмылдырылды, мұндай өртті сөндіру тактикасы белгілі. Алайда, сары фосфор өте ұзақ уақыт күйіп жанады және қою түтін шығарады, желдің бағыты өзгерген жағдайда, тұйыққа жақын орналасқан шағын аудан тұрғындарының денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аудан әкімдігі эвакуация жүргізіп жатыр. Барлық эвакуацияланған адам қала мектептерінің бірінде ыстық тамақпен және түнеумен қамтамасыз етіледі", - деп хабарлады шенеунік.
Оның айтуынша, жағдай бақылауда. Қалқаманов оқиға орнына шыққанын да хабардар етті.
Еске салайық, Арыста жүк вагонынан өрт шықты. Тұрғындар қою түтін шыққанына үрейленген. Желіде оқиғаның видеосы тарады. Түркістан облысы ТЖД бастығының орынбасары Ерік Сарыбаев тілшімізге берген сұхбатында вагон пойыздан бөлек шығарылып, қауіпсіз жолға қойылғанын хабарлады.
"Оқиға басқа пойыздарға әсер етпеді. Қазіргі уақытта ТЖД 26 қызметкері мен 5 техника жұмылдырылды. ҚТЖ-ның 12 қызметкері және бір дана техника мен өрт сөндіру пойызы тартыды. Сондай-ақ, Арыс қаласының желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жұмылды. Сондай-ақ 44/859 ӘБ әскери бөлімінің әскери қызметшілері 8 адам және 2 дана техника. Оқиға орнына санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бекеті қойылды. Зардап шеккендер жоқ", - деді Ерік Сарыбаев.
"Алдын ала ақпарат бойынша, контейнерде сары фосфор бар", - деп қосты ол.
РИА Новости мәліметінше, сары фосфор - улы зат. Ауада оңай тотығады және өздігінен тұтанады. Ол қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиянын тигізеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!