04 ақпан 2021 08:41

Семейде балалы әйелді соққыға жыққан ер адам видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан кадр Видеодан кадр

Семейде ер адам балалы әйелді ұрған сәті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Семейде ер адам балалы әйелді ұрған сәті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер оқиға 2021 жылдың 31 қаңтарында болғанын айтты.

Кадрға қарағанда бала көтерген әйел аулада жүр. Сол кезде ер адам оған жақындап, басынан ұрады. Салдарынан әйел баласымен бірге құлайды.

"Ер адам, әйел және бала түсірілген видеоға байланысты айтар болсақ, қалалық полиция басқармасы тиісті тексеруді бастады. Осы уақытқа дейін оқиғаға байланысты шағым түскен жоқ. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады полициядағылар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети