01 наурыз 2017 23:53

Семейде белгісіз біреулер Қайым Мұхамедхановтың ескерткішін бүлдірген

ПОДЕЛИТЬСЯ

КТК кадры КТК кадры

Семейде белгісіз біреулер белгілі абайтанушы ғалым, Қазақ КСР әнұранының авторы Қайым Мұхамедхановтың ескерткішін қорлаған. Қаскөйлер қоладан жасалған үш әріпті ұрлап кеткен, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Қала орталығындағы ескерткіште белгілі ғалымның фамилиясының жартысы ғана қалған. Полиция осы дерек бойынша "Ұрлық" бабымен қылмыстық іс қозғапты. Ал қоғам өкілдері мұны сұмдық жағдай деп, құқық қорғау органдарынан ұрыларды тезірек тауып, жазалауын сұрап отыр. 

Тарих ғылымдарының кандидаты Александр Пашенцевтің айтуынша, бұл - ғалымды қорлау. "Біреулер нағыз қылмысқа барған. Ғалымның фамилиясындағы бірнеше әріпті кетіріп тастаған. Ғалым Абайды зерттеген, қазақ әдебиетінің өзге де қайраткерлерін ел білсін деп еңбек еткен", - дейді ол. (Дереккөз: КТК).

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети