10 шілде 2023 16:57

Семейде жантүршігерлік жол апаты видеоға түсіп қалды

Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Семейдегі жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Семейдегі жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"20 маусым күні 19 жастағы жүргізуші Audi 100 көлігін басқарып келе жатып, Шәкәрім даңғылының бағытындағы автокөлік көпірінен кейін рөлді басқара алмай, бағананың тірегіне соқтығысты.

Салдарынан жүргізуші ауруханада есін жимастан қайтыс болды.

ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысында бір күнде адам өліміне әкелген екі жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети