15 маусым 2015 10:35

Семейде жойқын желден 50 мың тұрғын жарықсыз қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Facebook.com ©Facebook.com

Семейде жойқын желден 50 мың тұрғын жарықсыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еске салайық, жойқын жел кеше кешке тұрған болатын.


Семейде жойқын желден 50 мың тұрғын жарықсыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еске салайық, жойқын жел кеше кешке тұрған болатын.

"Жексенбі күні, 14 маусымда ШҚО кейбір аудандарында желдің жылдамдығы секундына 30 метрге дейін жетті. Семей қаласы қатты зардап шекті. Күшті жел мен жаңбырдың салдарынан электр желісі үзілді. 47 мыңға таяу абонент электр энергиясыз қалды. 40 мыңға дуық адам желдеткіш станциялардағы электр энергиясының жоқтығына байланысты сусыз қалды. Электр энергиясын қайта қалпына келтіру бойынша жөндеу жұмыстарына Семей "ВК РЭК" АҚ АЭЖ бригадасы жұмылды (80 адам және 18 дана техника). 15 маусымда сағат 6.00-де 10 300 абонентке жарық берілді", - деп хабарлады ТЖД өкілдері.

Сонымен қатар, күшті желден кейбір ғимараттардың төбесі мен шатырының ұшып кеткені хабарланды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта жаңбыр суын екі аула учаскесінде сору жұмыстары жүргізіліп жатыр. Еске салайық, Семейде 14 маусымда жойқын жел тұрды. Үш метр қашықтықта ештеңе көрінбейтіні хабарланған болатын. Желден ағаштардың ірі бұтақтары сынып, автомобиль жолдарында кептелістер пайда болды.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети