Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Семейде көпірден секіріп кеткен ер адам тірі қалды

06 Қаңтар 2016, 19:33
0
© Видео кадры
© Видео кадры

Семейде Ертіс өзеніндегі аспалы көпірден секіріп кеткен ер адам тірі қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 6 қаңтарда күндізгі уақытта болды. ТЖ жөніндегі басқармаға ер адамның аспалы көпірден секіргені жайлы хабар келіп түскен. Болған оқиға жайлы Семей автосүйерлерінің қоғамдық бірлестігінің белсенділері хабарлады. "Біздің белсенді қатысушыларымыз қаланы айналып жүреді. Солар бүгін бір адамның көпірге шығып алғанын көрген. Бұдан кейін тоқтап, қызметкерлерге хабарласты, олар өз кезегінде жедел әрекет етіп, адамды құтқарып қалды", - деді бірлестіктің өрағасы Болат Жүнісбаев. 

Куәгерлердің мәліметінше, ер адам суға түскен. Ол өзен бойындағы кішігірім аралдың үстіне қарай жүзіп барыпты да бірнеше метр жүргеннен кейін суықтап, құлапты. "Оның қатты суықтап қалғаны көрініп тұрды, қолдары тартылып қалғандай еді", - дейді куәгерлер. 

ТЖ қызметінің өкілдері оқиға орнына келгенде ер адам өзен ортасындағы аралда болған. Оны құтқару бойынша жұмыс көпірден де, өзен жағалауынан да жүргізілді. Су құтқару қызметі де тартылды. Олар қайықпен барып, ер адамды жағалауға алып шығып, дәрігерлерге тапсырды. "Ол Семейдегі аурухананың "ауыр дәрежеде суықтау" диагнозымен жансақтау бөліміне жеткізілді. Болған оқиғаның себебі анықталып жатыр", - деп хабарлады Семей қалалық ТЖ жөніндегі басқармадағылар.  

Айта кетейік, ер адамның кім екендігі анықталды. Оқиға кезінде ол мас болған. Абырой болғанда, ер адам бірде-бір жарақат алмады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай