Семейде оқушылардың жаппай улану себебі белгілі болды

01 Қазан 2014, 12:47
0
Семейде оқушылардың жаппай улану себебі белгілі болды - ©РИА Новости
©РИА Новости

Семейде балалардың мектеп асханасынан улануының себебі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі тұтынушылар құқықтарын қорғау басқармасына сілтеме жасап. Оқушылар 24 қыркүйек күні уланып қалған болатын.

"Біз тағам өнімдері мен судан сынама жинау шараларын қолға алдық. Бүгінде талдау нәтижесі белгілі. Екінші тағам ретінде берілген балық тефтельдерінен, пюре мен сәбіз салатынан сальмонелла табылды. Оны тасымалдаушы да табылды - ас блогының қызметкері, аспаз. Соған байланысты тамақ өнімдерінің осы инфекциямен ластануы оларды дайындау кезінде болған дей аламыз", - дейді басқарма мамандары.

Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүріп жатыр. Эпидемиологтер прокуратура мен полицияға хат жазды. Мектеп директоры мен мектептің медициналық жұмысшыларына қатысты әкімшілік іс қозғау мәселесі шешіліп жатыр. Мектеп асханасы жабылды. Еске сала кетейік, №19 мектептің асханасынан тамақ жеген 70 адам медициналық көмекке жүгінген болатын. Қазір жұқпалы аурулар ауруханасында 32 бала мен екі ересек адам емделіп жатыр.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай