Шахтадағы жарылыс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

04 Қараша 2014, 18:06
0
Шахтадағы жарылыс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды - ©Ярослав Радловский
©Ярослав Радловский

Қарағанды облысында шахтада болған жарылыс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жезқазған прокуратурасы өкілдеріне сілтеме жасап. Шахтадағы жарылыс салдарынан бір үңгуші қайтыс болды. Тағы бір адам жарақат алды.

Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің "Қауiпсiздiк техникасы ережесін бұзып, абайсызда адам өліміне немесе басқа да ауыр салдарларға соқтыру" бабында қарастырылатын қылмыс белгілері бойынша қозғалды. Прокурорлардың мәліметінше, тергеу аясында жарылыстың себебін анықтау жөнінде сараптама тағайындалды.

Төтенше оқиғаның алдын ала себебі - шахтерлер өндірістік жарылыс жұмыстарын жүргізу үшін жарылғыш заттың өзінен-өзі детонациялануы. Tengrinews.kz тілшісіне шахтада қайтыс болған жұмысшының 1991 жылы туылғаны, ал зардап шегушінің 1969 жылғы екені белгілі болды.

Еске сала кетейік, 4 қараша күні таңсәріде "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС-нің Оңтүстік Жезқазған кенішіндегі шахтаның 140 метр тереңдігінде жарылыс болған еді. "Бізге төтенше оқиғаның жай-жапсары белгісіз. Комиссия жұмыс істеп жатыр. Шахтада өндірістік жарылыс жасауға қажетті жарылғыш заттарды орналастыру жөніндегі жұмыстар жүргізілгені белгілі", - деп хабарлаған болатын шахтаның әкімшілік корпусының өкілдері телефон арқылы.

Бірнеше жыл бұрын Сәтпаевтағы шахтада "Жезқазғантүстімет" өндірістік бірлестігінің "Степной" кеніші басшыларының шалағайлығынан жарылыс болды. Оның салдарынан үш кенші қаза тауып, тағы бір адам жарақаттанды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай