14 ақпан 2020 12:24

Шамалғандағы апат: станция кезекшісінің соты басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Куәгерлер жолдаған сурет Куәгерлер жолдаған сурет

Қаскелеңде Шамалғанда соғысқан автобус пен пойыз апатына қатысты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қаскелеңде Шамалғанда соғысқан автобус пен пойыз апатына қатысты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Соттың мәліметінше, станция кезекшісі ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша айыпталып отыр.

Бүгін Алматы облысының Қарасай аудандық соты куәгерлерден жауап ала бастады.

"Біз өткелге келгенде бағдаршам өшіп тұрды, онда автобус ұзақ тұрған жоқ. Содан бір минуттай уақыт өткен соң адамдар айғайылай батады. Автобус енді өтіп бара жатқанда онда станция кезекшісі тұрды. Пойыз жақындаған сәтте оның қалай әрекет еткенін көрген жоқпын, - дейді апаттан зардап шеккен Эльмира Жәнібекова.

Еске салайық,  15 қыркүйекте Шамалғанда сағат 19:08-де Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінің Алматы-Отар учаскесінде №43 Алматы-Қостанай жолаушылар пойызы мен Setra маркалы №456 Алматы-Қаскелең жолаушылар автобусы күзетілетін өткелде соқтығысқан еді. Апат салдарынан автобус жүргізушісі қаза тауып, тағы үш адам зардап шеккен. Төтенше жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары әлі жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети