18 ақпан 2014 16:22

Шана теуіп жүрген баланы көлік қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көліктің астында қалған шана Көліктің астында қалған шана

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының орталығында "Донг Фенг" маркалы автомобиль 12 жастағы шана теуіп жүрген баланы қағып кетті, деп хабарлады әкімшілік полиция басқармасының мамандары Tengrinews.kz тілшісіне. Жол-көлік оқиғасы Үржар ауылындағы Пушкин көшесінде болған. Алдын ала жарияланған болжамдарға сүйенсек, жайсыз оқиғаның орын алуына көлікті дұрыс басқара алмаған жүргізуші кінәлі. Өйткені, жол тайғақ болған көрінеді. "Шана теуіп ойнап жүрген 12 жастағы бала сол аяғынан орта деңгейде жарақат алды. Қазіргі уақытта емханаға жатыр", - делінген әкімшілік полиция басқармасының хабарламасында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети