Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Шаяхметовтің кінәсі күмән тудырды

26 Тамыз 2014, 22:49
0
Тengrinews © иллюстрациясы
Тengrinews © иллюстрациясы

Шаяхметовтің кінәсі сотта күмән тудырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Білетін боларсыздар, бұрынғы Білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметовтің үстінен қылмыстық іс қозғалып, бүгінгі күндері Астана қаласында оның соты жалғасуда.

Бүгінгі сот отырысында құрылыс саласының тәуелсіз сарапшысы жауап берді. Оған Шаяхметовтің үстінен қозғалған іске негіз болып отырған дәйектерге сараптама жасау жүктелген-ді. Айта кетейік, Шаяхметовке Өскемен қаласындағы білім мекемесінің құрылысына деп бөлінген қаржыны талан-таражға салды деген айып тағылған болатын.

"Қолымдағы сараптамаға қарап, көп нәрседен күмәнданып тұрмын. Егер мұнда көрсетілген сандар құрылыс нысанының сол кездегі жағдайына сай келеді десем, жалған айтқандық болар еді. Келтіріліп отырған дәйек, дәлелдер әлі шикі. Сараптама қорытындысында нақтылық жоқ. Мұнда сондай-ақ, айқын анықтама беретін сұлба, сызбалар жеткіліксіз", - деп мәлімдеді тәуелсіз сарапшы Ерлан Аманжолов.

Шаяхметовтің қорғаушысы да Аманжоловтың бұл сөздерін растап отыр. "Қылмыстық іс қозғалғанға дейін оқиға болған жерлер тексеріліп, сараптама тағайындалу керек еді. Мен соттан "тергеуші мамандарды іске тартқанда неге жүгінді? Одан да сараптама жасау керек емес пе еді? Оның іс қозғауға негіз болады деген оймен түрлі тексерулерді тықпалауының себебі неде? Тергеушінің неше түрлі зерттеулер тағайындауы қаншалықты заңды, егер олар қылмыстық іс қозғауға негіз болмаса?" деп талай мәрте сұрадым", - деді сот кезінде Шаяхметовтің қорғаушысы Нұрлан Байсекеев.

Айта кетейік, Шаяхметовтің қорғаушылары нысанды тағы бір тексеріп, сараптама жасауды сұрады. Адвокаттардың ойынша сот олардың өтініштерін қанағаттандырады.

Естеріңізде болар, 2013 жылдың 29 сәуірінде ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Өскемендегі 700 орындық білім ордасының құрылысын жүргізу кезінде 1,5 млрд теңге бюджет қаражатының қолды болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай