27 қаңтар 2015 | 12:57

Шекара қызметі экс-басшысының ісі бойынша сотталушы өзіне қысым көрсетілгенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрлан Жоламанов. ©Тengrinews.kz Нұрлан Жоламанов. ©Тengrinews.kz

Астанада ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламановтың ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. 


Иконка комментария блок соц сети

Астанада ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламановтың ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. 

Сотталушы Қайрат Балмағамбетов өзіне қысым көрсетілгенін мәлімдеді. "26 қаңтар күні сағат 16.30 шамасында сот отырысы үзілісі кезінде мен дәретханаға шыққанмын, дәлізде мен ҚР Қарулы Күштеріндегі әскери қызметтен танитын бұрынғы әскери, запастағы полковник Қуанышқалиев жолықты. Ол маған моральдық-психологиялық қысым көрсету мақсатында өктем тонмен Жоламанов ісі бойынша дәлелдерді бұрмалау туралы негізсіз күдік келтірді. Мұны назарға алып, осы мәселе бойынша шара қолдануды сұраймын", - деді сотталушы. Судья Ербол Ахметжанов мәлімдеме іс материалдарына қосылатынын айтты. 

Судья келіп түскен рапортты оқып берді. "Мамандандырылған әскери сотта күзет бастығы Бектұрсынов адвокаттармен бірге отырған Жоламановтың әйелінің куәгер Махмудовқа "Артық кетпе" деген жазуы бар сары түсті қағаз көрсеткенін байқап қалған. Куәгер жазуды көріп, басын төмен түсірген", - деді ол. 

26 қаңтар күні ҚР ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламановтың ісі бойынша сот басталған еді. Істің бір фигуранты - Алматыдағы №2458 әскери бөлімнің командирі Қайрат Балмағамбетов. Жоламанов пен Балмағамбетов ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және аса ірі көлемде пара алды деп айыпталды.

"Жоламановтың өз қызмет бабын пайдалана отырып, бір немесе бірнеше қылмысты жасау мақсатында 2013 жылдың жазынан 2014 жылдың 27 қазан айына дейін құрып, басқарған ұйымдасқан тобы тергеу анықтаған жағдайда жалпы сомасы 173 миллион 181 мың 750 теңге және 436 мың доллар (Ұлттық банктің бағамы бойынша 79 миллион 850 мың 280 теңге) көлемінде пара алған. Аталған сомадан Жоламановқа 59 миллион 700 мың теңге және 371 мың 300 доллар берілген", - деп мәлімдеді прокурор Кемел Шаяхмет.

Жоламанов өзіне тағылған айыпты мойындамайды, ол мұны саяси тапсырыс деп атады. Балмағамбетов кінәсін толық мойындап, өкініш білдірді. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети